Өскемен-Алтай тасжолындағы жирен түсті бұлтқа қатысты тексеру жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолындағы «жирен» түсті бұлтқа қатысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Кешелі бері әлеуметтік желіде «Өскемен-Алтай» тасжолындағы жирен түсті бұлтты видеосы тарап жатыр. ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған фактіге орай тексеру жүргізілді.

«19 ақпанда сол маңдағы Сажаев кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттамадаға сәйкес, жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Бұл содан шыққан шаң», — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, өткен жылдың желтоқсан айында да Алтай ауданы Бұқтырма ауылының үстіндегі «қызғылт сары» бұлт көптің наразылығын туғызған болатын.

Сол кезде «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізілді. Сонда да осындай бұлттың жарылыстан пайда болғаны анықталған еді.