Есеп комитетінің төрағасы Тоқаевқа тексерістердің қорытындысы туралы баяндады

Наталья Годунова президентке 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және “Тау-кен Самұрық” ұлттық тау-кен компаниясы” акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.