Түзеу мекемесінде Абай күнін атап өтті

Қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ  Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толуына орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің 58-мекемесінде жазасын өтеушілер арасында мәдени іс шара өтті.

Жиынды тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мейрамбек Бекхожаев ашып, жүргізді. Оның айтуынша, Абайдың толық адам туралы тәлімі рухани мәдениетті және жан жақты білімді талап етеді.

«Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес, шет елдіктер  қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады. Абайдың даналығын, даралығын мойындамаған жан жоқ. Осы орайда жазасын өтеушілер ақынның қара сөздерінің мән мағынасын түсініп, қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін өлен жолдарын мәнерлеп оқуда», – деді Мейрамбек Бекхожаев.

Шара сонында жазасын өтеушілер ұлы ақынның шығармашылығындағы “Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай” және тағы да басқа өлендерін тындап, ақынның шығармашылығы кеңінен насихатталу керектігі айтылды.