Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450-454 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 452,94 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450 – 454 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 451,9 – 454,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,86 – 4,97 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 20 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,56 теңгеге қымбаттап, 452, 97 теңге болған.