Астанада жеке үйден өрт шықты

Астанада жеке үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«12:46-да Астана қаласы ТЖД бөлімшесіне Есіл ауданындағы жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің ауданы 10 ш. м.
13:07-де өрт оқшауланды, 13:22-де өрт жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда» делінген хабарламада.
Өрт орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 21 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.