Астанада рамазан айында мешітке түнгі автобустар қатынайды

City Transportation Systems елордада 11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айына орай арнайы автобустар жүретінін хабарлады. 

Халыққа ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.

Республикалық бас мешіт:

— Целинный шағынауданы
— Есу арнасы;
— Республика даңғылы

Әзірет Сұлтан мешітінің бағыттары:

— Спутник супермаркеті;
— Теміржол вокзалы;
— Көктал-1,2

Әбу Насыр Әл-Фараби мешіті:

— Көктал-1,2;
— Теміржол вокзалы;
— Медколледж.

Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті:

— Көктал-1,2 
— Кирпичный.

Рахымқызы Райса ана мешітінің бағыттары:

— Рахмет СО.

Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.

Жол жүру құны — 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

маршрут мечети «Республиканская главная мечеть»
Фото: CTS
Направления маршрутов мечети «Абу Насыр Аль-Фараби»
Фото: CTS
Направления маршрутов мечети «Хазрет Султан»:
Фото: CTS
Направления маршрутов мечети «Садвакаса хаджи Гилмани»
Фото: CTS
Направления маршрутов мечети «Рақымқызы Райса ана»
Фото: CTS

Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді.

Бағдарлар қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.