Франция Мәскеудегі терактіден кейін лаңкестік қауіптің жоғары деңгейін енгізді

Француз үкіметі Мәскеудегі жұма күні болған терактіден кейін елге төніп тұрған ықтимал қауіптерге байланысты елдің ұлттық террорлық дабыл жүйесінің ең жоғары деңгейін іске қосу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Синхуа агенттігі.

Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеудегі терактіден кейін жексенбі күні кешке Елисей сарайында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазды елдің премьер-министрі Габриэль Атталь Х әлеуметтік желісінде.

«ДАИШ тарапынан болуы мүмкін шабуыл мен елімізге төніп тұрған қауіпті ескере отырып, біз Вигипират деңгейін ең жоғары деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылдадық, өйткені шабуыл қаупі өте жоғары», — деп жазды Г. Атталь.