Абзал Досжанов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры тағайындалды. Енді бұл лауазымды Абзал Досжанов атқарады.
Абзал Досжанов Атырау қаласында туған. Еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастаған. Кейін зауытта гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығы болған.
«Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырғаннан кейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жұмысын кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы қызметінде жалғастырды. 2010 жылдан KMG International компаниясында Петромидия зауытының процестерін жақсарту жөніндегі менеджері, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, Rompetrol Petrochemicals бас директорының бірінші орынбасары, Rompetrol Rafinare операциялық директоры, Rominserv және Rompetrol Well Services компанияларының басшысы, Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауытында бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер лауазымдарында еңбек етті», — деп «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.
2023 жылдан осы кезге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарған.