«ҚазАвтоЖолдың» экс-басқарма төрағасы ұсталды
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігі не сілтеме жасап.
Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.