Қуандық Бишімбаев өзін түрмеде өлтіргісі келгенін айтты

Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика Экс-министрі Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alashorda.kz сайты ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Сот процесі барысында прокурор Асхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа бірнеше сұрақ қойды. Соның бірі – тергеу изоляторында өз-өзіңізге қол салғыңыз келгені рас па?

– Менде мұндай әрекеттер болды, иә, тергеу изоляторында, – деді Бишімбаев.

Десе де, прокурор сотталушының бұл сөзіне сенбей, оны имитация деп атады.

– Бишімбаев ұсталған сәттен бастап бес ай бойы мен процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторында Бишімбаевтың камерасында орнатылған бейнебақылау камерасын бақылап отырдым. Маған сенсеңіз, бес айдың ішінде сіз (Бишімбаев) ешқашан өз-өзіңізге дене жарақатын салуға тырыспадыңыз, — деді прокурор.