Бүгін түнде Тобыл өзендегі су 1 метрге дейін көтеріледі

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылағаны байқалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сарапшылардың болжамы бойынша, өзендегі су деңгейі түнде 825 см-ге дейін көтеріліп, нормадан асады.
«Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылауы байқалады. Сарапшылардың болжамы бойынша, түнде 825 см-ге дейін көтеріледі, бұл 600 см нормадан асады. Одан кейін су деңігейі қалпына келеді. Су басу қаупі бар аймақтардың тұрғындарын үрейленбеуді сұраймыз және құтқарушылардың эвакуациялау нұсқауларын орындаңыз. Кейбір автожолдар жабылады», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасы 99% толғанын жазған болатынбыз.