ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды

Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды

Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көмек бригадасының құрамында 30-ға жуық техника және 60-қа жуық адамдар бары белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасақ азық-түлік, құрал-саймандармен толық жабдықталған.

Айта кетейік, арнайы техникамен қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында «Өзенмұнайгаз», «KazPetroDrilling» АҚ, «Бұрғылау», «МұнайФилдСервис», «Өзенмұнайсервис», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС және «Өзенжылу», «Өзенинвест», «Өзенэнергосервис» МКК бар.

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер және еріктілер де өз үлестерін қосып жатқаны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Атырау облысынан Маңғыстауға 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды.