Су тасқыны: Жайық өзені қауіпті деңгейден асты (ФОТО)

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы Жайық өзені қауіпті деңгейден асты, деп хабарлайды alashorda.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 көкек, 2024 жыл, сағат 12:00

Соңғы 4 сағат ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі:

Ресеймен шекарадағы Январцев ауылы тұсында – +1 см;

Орал қаласында – +2 см

Көшім ауылы тұсында – +5 см

Тайпақ ауылы тұсында – 0 см.

Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 854 см. Қауіпті деңгей – 850 см.