Іле-Балқаш табиғи резерватында қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртімен күресіп жатыр.
Осы уақытта Алматы облысының Балқаш ауданында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.
Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 53 мәрте 159 тонна су төкті.
Өрттің алдын ала аумағы — 18 га.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
«Қиын батпақты жерлер және бағытын үнемі өзгертіп отырған қатты жел өрт ошақтарын сөндіруге қиындық туғызып жатыр» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.