Еліміздегі қазақтардың қанша екені белгілі болды

Еліміздегі қазақтардың саны 14 миллион адамнан асты. Бұл халықтың 71 пайызына тең көрсеткіш

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы халық саны көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды  alashorda.kz сайты.

Елдегі халық саны 20033842 адамға жеткен.

Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды (81,6%), Ұлытау (79,2%) және Ақтөбе (74,9%), ал ең аз үлесі Алматы (16,2%), Түркістан (24,7%) және Жамбыл (43,4%) облыстарында байқалды.

  • Қала халқы – 12,4млн адам;
  • Ауыл халқы – 7,5 млн адам ;
  • Ер адамдар – 9,7 млн адам;
  • Әйелдер – 10,2 млн адам.

 2024 жылдың басындағы этникалық құрам:

  • Қазақтар – 14220321 адам (71,0%);
  • Орыстар – 2983317 адам (14,9%);
  • Өзбектер – 660564 адам (3,3%).