Бишімбаев 25 жылға сотталады – Адвокат
Оның сөзінше, Бишімбаев өз-өзіне ор қазған.
«Ар-ұяттан безген пиар-кампания ұйымдастырды. Процесс бойында соққыға шыдап, шайқасып, айналсоқтап қорғанды. Сабырсыз адам бола тұра, артық эмоцияға ерік бермеді. Ал ең соңында өлтіру күні сұмдық видео түсіргенін ұмытып кетті, сосын телефонының құпиясөзін беріп қойды. Осыдан ол өз-өзін жоғалтып алды, не болғанын өзі де түсіне алмай, түсіндіріп бағуға тырысты», — деп жазған ол.
Оның айтуынша, осы себепті сотталушы 25 жылға (тіпті өмір бойына) сотталады. Байжанов 4 жылға сотталады.