Бағдат Мусин көп жұмыс істегенін айтып, мақтанды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі лауазымынан босатылған Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
«Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар. Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі – цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді. 2020 жылдан бері көп нәрсе жасалды және әлі де жасалады. Бүгінде Қазақстанды әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға болады. Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бөлістік.
Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине – цифрлы мемлекеттік қызметтер. Сонымен қатар біздің прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілді және біздің елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік берді”, – делінген экс-министрдің жазбасында.
Бүгін Бағдат Мусин Президент жарлығымен қызметінен босатылды.