Қазірдің өзінде 27 орман өрті тіркелді – министр

Мамандардың болжауынша, жаз ыстық болады және өрт қаупі күшейеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтып берді.
«Мамандардың болжауынша, жаз ыстық болады, табиғи өрт болу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде, елімізде 27 орман өрті және 122 дала жануы тіркелді. Олардың көпшілігін министрлік күштері жойды, авиация да тартылды», — деді министр Үкімет отырысында.
Осыған байланысты, Ш.Әрінов барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер орман-дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық жоспардың тиімді іске асырылуы керегін айтты.
«Сондай-ақ әкімдіктерге шығындарды талап етпейтін қарапайым өрт сөндіру құралдарын – аспалы өрт сөндіргіштер, мотопомпалар, өрт сөндіру жеңдері және ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуы қажет деп санаймын», — деді ТЖ министрі.