Жетісу облысындағы өзендерде су деңгейі жоғарылады

20 мамырда жауын-шашын салдарынан Көксу өзенінде су деңгейі көтерілді.
Мамандардың сөзінше, Қараталдан секундына 174, ал Көксудан секундына 332 текше метр су ақты. Өзен маңындағы елді-мекендерді су шаю қаупін болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті, “ҚазАвтоЖол” облыстық филиалы бөгетті ірі тастармен жапты.
1500 тонна топырақ төгіліп, 420 тонна бетон плиталар төселді. Аталмыш жұмыстарға 75 адам және 43 арнайы техника жұмылдырылды.
Жетісу облыстық төтенше жағдайлар басқармасы күн райының жаңбырлы болуына байланысты тұрғындарға таулы аймаққа шықпау керектігін ескертеді.
“Күндіз басталған жұмыстар мен уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде осы уақытта елді мекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ.Жағдай тұрақты және жауапты орган мамандарының тұрақты бақылауында.” — деді, Жетісі облыстық ТЖД баспасөз қызметі.