Испания Украинаға Leopard танктерін беретін болды

Украина президенті Владимир Зеленский Испанияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды alashorda.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Украина президенті әлеуметтік желіде «Испанияға екіжақты қауіпсіздік келісіміне қол қоюға және премьер-министр Педро Санчеспен келіссөздер жүргізу үшін келдім», деп жазды.
Оның айтуынша, ол украин әскерилеріне әскери көмек пен жаттығудың жаңа пакетін талқылайды.
Зеленскийді Испан королі Филипп VI де қабылдайды.
Испания Киевке 1,13 миллиард еуроға бағаланатын көмектің жаңа пакетін бергелі отыр. Мадрид Украинаға PATRIOT Әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандар мен Leopard танктерін жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлады El Pais газетіне сілтеме жасап.
Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ