Алматыда бір көше екі айға жабылады
Алматыда 44 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр қайта жаңартылады.
«Жолдың астынан өтетін жылу желілерін қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың 28 мамыр мен 28 шілде аралығында Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі ұзындығы 673 метр Шопен көшесінде автокөлік қозғалысы жабылады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» компаниясынан.
Жұмыстарды жүргізу кезеңінде осы аудан тұрғындарына ыстық су сызба бойынша беріледі.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала анықтап алуды сұраймыз»,- делінген хабарламада.