Жасақ бастығы – жауапты лауазым

14 маусым – қылмыстық-атқару жүйесінің тәрбие жұмысы қызметінің күні.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мемлекеттік мекемесінде арнайы контингенттер мен жұмыс жасау, яғни, мекемедегі сотталғандармен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлердің бірі ол – жасақ бастығы. Казіргі таңда, тузеу мекемесінде жасақ бастығының қызметін 2011 жылдан бері әділет капитаны Мейрамбек Бекхожаев қызмет атқарып келеді.

Мейрамбек Ибадуллаұлы жасақ бастығының міндетінің қандай болатынын айтып берді.

«Жасақ бастығының міндеті тәртіп пен заңды қатар ала жүріп, сотталған азаматтарды өмірге қайта бейімдеп, қоғам қатарына қосу мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, психологиялық тренингтер мен арнайы мамандармен жеке кездесулер жиі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бостандыққа шығуға дайындалып жүрген сотталған азаматтар үшін арнайы «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылып, мекемеге келген мамандармен бірлесіп, сотталған азаматтарға өмірге бағыт-бағдар береді.

Жасақ бастығы мекемеге келгеннен ең алдымен, сотталған азаматтардың киім үлгісіне, түр түсіне, тазалығына, жатын орнының біркелкілігін тексеріп, сапқа тұрғызып түгендейді. Күнделікті күн тәртібімен таныстырады. Сондай-ақ, жақындарымен туыстық қарым-қатынастарын үзбеу мақсатында аптасына бір рет таксафонмен сөйлесу мүмкіндігі беріледі және жылына бір рет «Ашық есік» күні ұйымдастырылады. Бұл күні сотталған азаматтар жақындарымен кездесіп, сағыныштарын басып, ашық тілдесе алады.

Мекемеде қызмет атқаратын әрбір қызметкер антына адал қызмет атқара отырып, сотталған азаматтарды бостандыққа яғни жаңа өмірге бейімдеп, қоғамға қауіпсіз азамат ретінде тәрбиелейді», – деді ол.