Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 452 – 457 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 маусым ресми бағамы – 1 долларға 452,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,12 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 457 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 453,5 – 455,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 – 5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ