Болат Назарбаевтың мұрагерлікке үміткер 14 баласының аты-жөні жарияланды

Экс-президентт Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың мұрасына 15 туысы үміткер, деп хабарлайды BesMedia.
«2023 жылы 13 қарашада Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін Исабаев Б.Қ. нотариуспен 2024 жылы 3 қаңтардағы No1/2024 мұрагерлік ісі ашылды», — делінген хабарламада.
Мұрагерлiк құқығы туралы өтiнiш бергендер:
Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылы 14 қарашада туған, өсиет қалдырушының ұлы, өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш берген.
Назарбаева Динара Кемелханқызы, 1986 жылдың 4 желтоқсанында дүниеге келген, мұра қалдырушының жұбайы, бірлескен некеде жиналған мүліктің 1/2 бөлігін бөлу туралы өтініш берген.
Заң бойынша мұраның міндетті үлесін алуға өтініш берген мұра қалдырушының балалары:
- Болатұлы Болатхан, 7 ақпан 2012 жылы туған.
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 21 қыркүйек 2021 жылы туған.
- Назарбаева Еркежан Болатқызы, 18 мамыр 2018 жылы туған.
- Назарбаев Елнұр Болатұлы, 19 тамыз 2013 жылы туған.
- Назарбаев Болат Болатұлы, 17 қазан 2014 жылы туған.
- Назарбаев Акбар Болатұлы, 23 Қараша 2016 жылы туған.
- Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 9 шілде 2018 жылы туған.
- Болатқызы Томирис, 30 шілде 2013 жылы туған.
- Болатқызы Аруназ, 30 Қаңтар 2016 жылы туған.
- Назарбаев Ханболат Болатұлы, 17 ақпан 2002 жылы туған.
- Назарбаева Альбина Болатқызы, 7 маусым 2003 жылы туған.
- Назарбаев Хантөре Болатұлы, 26 Қаңтар 2018 жылы туған.
- Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жылы 3 қарашада туған.
Болат Назарбаевтың мүлкін бөлу мұрагерлік туралы іс қаралып жатқан уақытқа дейін созылады.