ТЖМ Қазақстан халқына ескерту жасады

ТЖМ мамандары қазақстандықтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
«Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері — халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары.
Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Сондай-ақ, от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті», — деп ескертті ведомство қызметкерлері.
Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрттің өте қауіпті! Табиғаттың тағдыры Сіздің қолыңызда!