Ыстықкөлде қазақстан азаматы қаза тапты

Ыстықкөлде 42 жастағы азаматты қайық басып өтіп, ол ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын. Су көлігін 18 жастағы жасөспірім басқарған.

Аталған фактіге қатысты екі бап бойынша іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.