Майқайың-алтын» кенішіндегі апат: 7 айдан кейін үшінші құтқарушының мәйіті табылды

«Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, Айдос Шаймерденовтың денесі 19 шілдеде  сағат 5.30 шамасында табылған. Құтқарушылар іздеуді күн шыққан кезде бастаған екен. Олар сағат 13.30 шамасында мәйітті толықтай шығарып алыпты деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды дейді. Ол төртінші қаза болған құтқарушының денесін жақын арада табамыз деп үміттенетінін жеткізді.

Бұған дейін, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кеткен еді.