Мемлекет басшысы Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамені Руанда Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі.