Абай облысында он екі жасар бала құтқарылды

ТЖМ Абай облысында он екі жасар бала құтқарылғанын мәлімдеді.

«Қалалық жағажай аумағындағы Курчатов қаласынның 8-ӨСБ қызметкерлері азаматтық қорғау кіші сержанты Елнұр Амангелді мен азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбеков патрульдеу кезінде 2012 жылы туған баланы құтқарды.

Ақпарат жинау барысында шомылу кезінде баланы ағын алып кеткені анықталды, оны көрген құтқарушылар көмекке асықты», — деп жазды ведомстводан.

Баланың жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет емес.