Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 — 477 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 1 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 473,95 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,50 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 — 477 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 474,7 — 476,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,31 — 5,55 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 31 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,01 теңгеге төмендеп, 474,15 теңге болған.