Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Джоко Видодоны ИндонезияныңТәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.
Бұдан бұрын ҚР Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Ербол Әліқұлов Индонезия Білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрлігінің Мәдениет басқармасының бас директоры Хильмар Фаридпен және Индонезияның ҚР-дағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездескен болатын.
Ербол Әліқұлов өткен жылы Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын атап өткен еді.