Бүгін «Астана» норвегиялық командамен қарымта кездесу өткізеді

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық «Астана» Норвегияның «Бранн» командасымен қарымта ойын өткізеді.
Кездесу 29 тамызда Алматы қаласында жергілікті уақытпен 19:00-де басталып, «Sports+» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде елордалық клуб қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.
Аталған ойында бас төреші міндетін македониялық Александар Ставрев атқарады. Оған отандастары Деян Костадинов пен Гоце Петрески көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Игорь Стойчевски.
«Астана» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы айналымда Молдованың «Милсами» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырса, одан кейін Румынияның «Корвинул» командасынан (2:1, 6:1) басым түсті.