Садықов өзінің партиядан қуылуын 37 жылмен салыстырды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов депутаттық мандатынан айырылып, «Ақ жол» партиясынан қуылды, деп хабарлайды   alashorda.kz сайты.

«Ақ жол» төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, Асқар Садықов депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барған.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымын бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды. Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды», — деп жазды Азат Тұрлыбекұлы.

Ал экс-депутаттың өзі Азат Перуашевтың шешімімен келіспей, пресс-конференция өткізетінін айтады.

– Бүгін  «Асқар Садықов «Ақ жол» партиясы қатарынан шығарылып, мандатын тапсырып берді» деген ақпарат шықты. Осы жөнінде өзіңіз не айтасыз?

– Бүгін бір-екі сағаттың ішінде пресс-конференция жасаймын, сол кезде хабарын айтайын.

– Азат Перуашев сізді «Депутат болуға лайық емес» деп айтыпты. Расында депутат болуға лайық емессіз бе?

– Ол енді… 37 жылды никто не отменял, қай заманда болғанда.

– Яғни, еш негізсіз депутаттық мандаттан айырып отыр ма?

– Иә, негізі жоқ нәрсе.

– Осы шешімге байланысты қандай әрекет жасайсыз?

– Ештеңе істемеймін. Бірақ қазір ақылдасып, өз пікірімді айтамын.

– Азат Перуешевтің өзі 15 жылдан бері депутат болып келе жатыр. Партия төрағасының өзі депутат болуға лайық па?

– Енді… Елбасизм деген сөз бар емес пе? Елбасизм деген сөз адам орнында көп отырып қалды деген сөз.