«Назарбаев өлгенше президент болады…»

Әлеуметтік желі қолданушысы Сәбит Рыспаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты салыстырды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
«2022-де «Конституцияға өзгеріс енгізейік» деп референдум өткіздік қой. Соның президент ешқандай партияға мүше бола алмайды. Басқару уақыты да 7 жыл. Кейін тағы ұзартып алу деген болмайды. Бір жағынан жақсы болды. «Келесі президент кім болады екен?» деп қарап отыратын болдық. Әйтпесе мен өлгенше президент Назарбаев болады деп ойлайтынмын. Жағдайың жақсы болса 100-ге дейін өмір сүретін сияқтысың ғой. Президенттің туыстары да саяси мандат ала алмайды. «Самұрық Қазына» секілді органдарда жұмыс жасай алмайды. Тоқаевтың туыстары жоқ па, әлде заң орындалып жатыр ма, шынымен де сол өзгерістер дұрыс болған секілді сияқты» деп жазды ол.