«Жастардың ғылымға деген қызығушылығы жоғары»
Экономист Мақсат Халық өңірлік университеттерді дамыту бойынша белгілі бір дәрежеде мемлекеттің қолдау бар екенін айтады.
«Әйтсе де облыстағы университеттерді қолдау жақсы дәрежеде деп айта алмаймын. Өңірлерде, аймақтарда университеттер нарыққа бағдарланған, нарыққа тиімді мамандарды дайындау жағынан кеш қалып жатқан сияқты көрінеді. Бұл менің жеке субъективті пікірім. Қай өңір болмасын сол өңірге ыңғайланған нақты мамандар дайындалуы керек. Белгілі бір өңірдің ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандықтардың дұрыс қалыптаспай жатқанын байқаймыз. Сонымен қатар мемлекет тарапынан берілетін гранттар жүйесі ескірген. Қажеті жоқ мамандықтарда оқыту мен оларға грант бөлініп жатқанын да айтқым келеді. Бір сөзбен айтқанда әлі де реформалар мен өзгерістер керек.
Жасыратын несі бар, жастардың ғылымға деген қызығушылығы жоғары деп айта алмаймын. Нарыққа сәйкес жастар қай жақта еңбекақы көп сол салаға бет бұрады. Кейінгі уақытта ғана мұғалімдердің жалақысы көтерілгеннен кейін бұл салаға қызығып, жастардың келіп жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе магистратураға, педогогикалық магистратураға талпыныс байқалады. Бұл соңғы 2-3 жылдағы оң өзгеріс. Білім сасласына мықты азаматтар келсе, ертеңгі күні ғылыммен айналысатын нағыз мамандарды тәрбиелеп шығу ықтималдылығы жоғарылайды», – дейді ол.
Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ