Өнер адамдары өз таңдауын жасады

Астанада белгілі өнер адамдары АЭС салуға байланысты референдумда дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

Еліміздің белгілі режиссері Асхат Маемиров атом электр станциясын салу бойынша референдумда өз дауысын беру үшін учаскеге келді.

Ол референдум мемлекет пен азаматтар өз таңдауын жасай алатын маңызды диалог алаңы екенін атап өтті. Азаматтардың ұстанымы елдің одан әрі дамуында маңызды рөл атқарады. Бүгін ол отбасымен бірге дауыс беруге қатысып, елдің болашағы үшін қабылданған шешімдердің өте жауапты екенін айтып, өз таңдауын жасады.

Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Әділ Ахметов өз таңдауын жасады.

«Мемлекет атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізіп жатыр. Бұл үшін бәріміз дауыс беріп, таңдауымызды жасауымыз керек. Мен референдумның халық өз таңдауын жасай алатындай ұйымдастырылғанын қалаймын. Міне, Үкімет нақты шешімдер қабылдағанда халықты да ескеретінін көріп отырмыз», — деді Әділ Ахметов.