Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды“, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатқанын жазған болатынбыз. Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылы маусымда Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.