Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізеді.
Ел құрамасы аталған турнирдің үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары — Норвегия, Словения және Австрия құрамалары.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түсіп, сырт алаңда Словенияға 0:3 есебімен жол берді.
Аустрия және Қазақстан кездесуі елорда уақытымен Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында 23.45-ке басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.