Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының жекелей және жұптық сындардағы финалдық ойындарын көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар.
Айта кетейік, Астанада үстел теннисінен Азия чемпионатында ерлер арасындағы командалық бәсеке өз мәресіне жетті.