Балуан Айтмұхан – жастар арасындағы әлем чемпионы

Еркін күрестен Тиранада (Албания) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан 97 келіде әлем чемпионы атанды. Ол финалда Иран балуаны Махди Морафаны жеңді. Ризабек жартылай финалда ресейлік Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен еді.

Ризабек Айтмұхан былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған. Ол – ересектер арасында, 21 және 23 жастағы балуандар арасында әлем чемпионатында