Қырғызстан 10 бала туған әйелге 11 млн теңге төлемек (ВИДЕО)

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев бала туылғаны үшін мемлекет біржолғы жәрдемақы төлейтінін айтты, деп хабарлайды аlashorda.kz сайты kg.akipress.org сілтеме жасап.

Қамшыбек Ташиев бұл туралы Нарындағы балабақшаның ашылуында мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ ол төртінші балаға 100 мың сом, бесінші балаға 600 мың сом (3 млн 419 мың теңге), жетінші балаға 1 миллион сом (5 млн 698 мың теңге), сегізінші және тоғызыншы туған балаға 1,5 миллион сом (8 млн 547 мың теңге), оныншы балаға — 2 миллион сом (11 млн 397 мың теңге) бір реттік жәрдемақы төленетінін айтты.

«Бұл қажетті шара. Әйелдер босануға дайынбыз дейді, бірақ оларға бала өсіру қиын», — деді ол.

Тәшиев жәрдемақы тек әйелдерге ғана берілетінін, оның ерлерге қатысы жоқтығын баса айтты.