ALASHORDA Мәзір
Спорт

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды

Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында есеп 3:0-ге тең болды.

Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.

Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.