«Елдің маған деген махаббатына тосқауыл қоя алмаймын»

Кешелі бері әлеуметтік желіде «Жазушылар одағының Астана қаласы филалы таратылып, оның басшысы Дәулеткерей Кәпұлы қызметтен алынады екен» деген постар жиі жазылып жатыр. Әрине одақ төрағасы Мереке Құлкеновтың бас қаладағы филиалды таратуы орынсыз шешім секілді. Ал Астана қаласы филиалын 6 жыл басқарған азаматтың бұл орында ұзақ отыруы ұят емес пе? Осы және өзге де сұрақтарды белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлының өзіне қойдық.

– Дәулеткерей аға, ассалаумағалейкум.

– Уағалейкумсалам.

– Қал-жағдайыңыз жақсы ма?

– Жақсы,

– Бұл Серік Жолдасбай деген журналист ініңіз ғой.

– Әәә, бәрекелді.

– Аға кешелі бері өзіңіз туралы постар жазылып жатыр. Осыдан өзіңіз хабардарсыз ба, жалпы бұған не дейсіз?

– Қазір бұған ештеңе дей алмаймын. Жақсы ма?

– Сіз туралы көп жазылып жатыр ғой. «Әу» деп жібермедіңіз бе…

– Сосын «Әу» дейміз.

– Осы постарды өзіңіз ұйымдастырып жатқан жоқсыз ба?

– Түсінбедім.

– Осы постарды өзіңіз ұйымдастырып жатқан жоқсыз ба?

– Біреудің жазғанына жауап бере алмаймын ғой.

– Негізі жазушылар одағының басшысы Мереке Құлкеновтың Астанадағы филиалды таратып жібергені әбестік болды. Қалдыру керек еді…

– Қалдыру керек еді ғой.

– Неге қалдырмай отыр?

– Мен қайдан білейін.

– Сіз 6 жыл жұмыс істепсіз. Аз уақыт емес. Алты жылдан артық отыру да ұят емес пе?

– (Үнсіздіктен кейін) Секе, мен қазір саған жауап бере алмаймын. Мені аса қинамай қоя тұрыңызшы. Мен сосын жауап беремін.

– «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына түскен кезде де осындай посттар көп жазылып еді. Әйтпесе…

– Енді ол елдің маған деген махаббатына тосқауыл қоя алмаймын ғой. Жақсы бауырым.

P.S. Дәулеткерей Кәпұлына қояр сұрағымыз көп еді. Әйтсе де ол телефон тұтқасын қойып, жауап беруден жалтарды. Ал Мереке Құлкеновтың 150 жуық ақын-жазушысы бар бас қаладағы филиалды жабуы орынсыз шешім секілді. Әлеуметтік желідегі шудан кейін одақ басшысы ойланар…