Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жиын өтті

Астана Халықаралық университеті ұйымдастыруымен «Ақпараттық қауіпсіздіктің гуманитарлық аспектілері және «жұмсақ күш» Қазақстанның орнықты дамуы мен ұлттық консолидациясының факторы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды  alashorda.kz сайты.

Бұл дөңгелек үстел жаһандық сын-қатерлер жағдайында қоғамның қауіпсіздігі мен дамуының маңызды мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болды.

Дөңгелек үстел ақпараттық қауіпсіздіктің гуманитарлық аспектілерін және ұлттық консолидацияны нығайтудағы «жұмсақ күштің» әлеуетін зерттеуге арналған жобаның аясында өткізілді. Іс-шара барысында жетекші сарапшылар, ғалымдар мен мемлекеттік билік өкілдері Қазақстанның тұрақтылығын арттыру бойынша шешімдер ұсынып, тиімді мемлекеттік саясатқа қатысты ұсынымдар әзірледі.

Іс-шараның маңыздылығы – ақпараттық қауіпсіздікті қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу және ұлттық бірлік пен орнықты дамуды нығайтудағы «жұмсақ күштің» рөлін анықтау мүмкіндігінде. Бұл дөңгелек үстел Қазақстанға қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге бейімделуге көмектесетін стратегия құрудың негізі болады.

Дөңгелек үстелді «Қытай зерттеулері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы Қазбек Майгелдинов жүргізді. Құттықтау сөзбен Астана Халықаралық университеті президенті Серік Азтаевич Ирсалиев және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рахметова Әсем Қалашбайқызы сөз сөйледі.

Сондай-ақ жиында М. Қозыбаев атындағы СҚУ директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтоқ, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азияны зерттеу бөлімінің меңгерушісі Айдар Құрмашев, А.Н. Косыгин атындағы РМУ Халықаралық білім беру институты директорының орынбасары Александр Дроговоз, «Еуразиялық мониторинг» Орталығының директоры Әлібек Тәжібаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саяси ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Жанат Момынқұлов, «Toppress.kz» ақпарат агенттігінің директоры Ержан Бағдатов баяндама жасады.