«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Ақорда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалғанын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Махсут Курманалиевич Гусейнов „Астана“ өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — деп жазды ресми сайттан.
Айта кетейік, бұған дейін моңғолиялық қандасымыз Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне бекітілгенін жазғанбыз.