Марқұм Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды
Талғар маңында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасының денесі табылды. Бұл туралы бүгін, 9 желтоқсанда Алматы облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Полицейлердің ресми таратқан мәліметіне қарағада ер адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.
«Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.
Полиция Шерзат Болаттың отбасы қайғылы жағдайдан кейін полицейлердің қорғауында болғанын атап өтті.
«Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды»,—деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Болат 4 қазанда дүкен маңында шыққан жанжалдан кейін кісі қолынан қаза тапқан еді. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 11 адам қамауға алынды.