Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық Шахзод Музафаровпен кездесті.
Тартысты жекпе-жектің алғашқы кезеңін Сабырхан 4:1 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші раундта дәл осындай есеппен аяқталды. Үшінші үш минуттықта қарсылас 3:2 есебімен басым түсті.
Нәтижесінде, төрешілердің шешімімен Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды.