ӘЧ: Қазақстан футбол құрамасы 2026 жылғы іріктеу кезеңін қашан бастайды

Футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойын кестесі белгілі болды.

Ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында бақ сынайды.  Қарсыластары — Бельгмя, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Ел құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынын 2025 жылдың 25 наурызында сырт алаңда Лихтенштейнге қарсы өткізеді. Ал соңғы ойыны сол жылдың 15 қарашасына белгіленген.

25/26.03.2025.00:45. Лихтенштейн — Қазақстан

9.06.2025.19:00. Қазақстан — Солтүстік Македония

4.09.2025.19:00. Қазақстан — Уэльс

7.09.2025.23:45. Бельгия — Қазақстан

10.10.2025. 9:00 Қазақстан — Лихтенштейн

13.10.2025. 23:45 Солтүстік Македония — Қазақстан

15.11.2025.19:00 Қазақстан — Бельгия.

Әлем чемпионаты Еуропа құрлығы бойынша іріктеу кезеңіне қатысып жатқан барлық құрама 12 топқа 4 немесе 5 командаға бөлінеді. Төрт құрамадан тұратын алғашқы алты топ (A-F) іріктеу турнирін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаса, қалған 5 құрамадан тұратын 6 топ (G-L) 2025 жылдың наурызында бастайды.

Топ жеңімпазы әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орын иегері өтпелі матч ойнайды.

Финалдық кезең 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ-тың Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Филадельфия, Сан-Франциско, Сиэтл, Канаданның Торонто, Ванкувер және Мексиканың Гвадалахара, Мехико, Монтеррей қалаларында өтеді.

Айта кетейік, алғаш рет дүбірлі додада 48 құрама бақ сынайды.