Үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады

Australian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды. Қазақстанның атынан үш теннисшісі жарысқа барады: Александр Бублик, Александр Шевченко және Александр Недовесов.
Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Индия) мен Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.
Айта кетейік, турнир 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.