Сыртқы істер министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ақтау қаласында орын алған «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырап, жолаушылардың қаза табуына байланысты көңіл айтады, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей халықтарының орны толмас қайғыларына ортақтасып, қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қолдау білдіреміз. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілейміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазақстандық тарап арнайы комиссия құрды және оқиға орнында қажетті көмек көрсетуде.